Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі берген мәліметіне сәйкес, голден рейндерс, гала, фуджи, гренни смит, ред иона принц, ред делишес сынды көшеттер Италиядан арнайы жеткізілген.
Нарыққа жөнелтілетін жемістердің өзіндік нәрін жоғалтпауы үшін 2018 жылы 4200 тонна жеміс сақтауға қауқарлы қойма салды. Ал 2019 жылы сұрыптау желісін іске қосты.
Жобаның жалпы құны шамамен 3,3 млрд. теңгені құрайды. Игі шаруаның арқасында 47 тұрақты және 70 маусымдық жұмыс орындары құрылды.
Бүгінгі күні Алматы облысының әкімдігі Кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында компанияның көкөніс қоймасын салу бойынша жаңа жобаны іске асыруына жан-жақты көмек көрсетіп келеді.
Айта кету керек, өндіріс көлемі жылына 5 000 тонна өнімді құрайды. Сонымен қатар компания итальяндық технология бойынша Орталық Азия нарығындағы бақшаларға арналған темірбетон торлы жалғыз өндіруші.