«21-23 шілдеде Түркітілдес журналистер қорының Алматы облысының әкімдігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің серіктестігінде бірлесіп өткізетін І Халықаралық медиа және туризм форумына шақырамыз! Аталған шараға әлемнің 15 елінен 200-ден астам адам қатысады», — деп жазды Нәзия Жоямергенқызы.
21 шілдеде Көлсай, Қайыңды, Есік сияқты көрікті жерлерге пресс тур болады. 22 шілдеде медиа форум, кешке салтанатты жиын ұйымдастырылады. 23 шілдеде шетелдік медиа тренерлермен семинар-тренинг өткізіледі.
Толық ақпарат: +7 778 878 3408 (WhatsApp).