Семинар оқушылар бойында ұлттық құндылықты Абай ілімін негізге ала отырып дарыту, оқушылардың шығармашылығы мен дарындылығын дамыту мақсатында ұйымдастырылды.
Шара барысында республикадағы іргелі оқу орны Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық Мәдениеттерді жақындастыру орталығы мен Абай атындағы мамандандырылған гимназия-интернаты арасында үшжақты Меморандумға қол қойылды. Енді бұл білім ордалары өзара ғылыми-тәжірибелік, әдістемелік, шығармашылық бағытта етене жұмыс жасайтын болады.
Жиын соңында «Қарагөз» драма үйірмесінің жас өнерпаздары «Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, Өлмейтұғын артында сөз қалдырған!» сахналық қойылымын ел назарына ұсынды.
Сондай-ақ семинарға қатысушылар облыстық білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.