«Департамент қауіпті өндірістік объектілерде, оның ішінде газбен жабдықтау жүйелері нысандарында өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірледі, оны Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары бекітті», — деді департамент басшысы.
Ринат Рахимбулековтың айтуынша, аудандар мен қала әкімдіктерінің жанынан тұрақты жұмыс істейтін жұмыс топтары құрылды, олардың құрамына департаменттің жауапты лауазымды адамдары енгізілді.
«Аталған іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (ТҮКШ) және тұрғын үй инспекциясының аудандық бөлімдерімен бірлесіп әлеуметтік инфрақұрылым нысандарында 66 рейдтік тексеру жүргізілді. Рейдтік тексеру нәтижелері бойынша субъектілердің басшыларына «газбен жабдықтау туралы» ҚР Заңының және «газбен жабдықтау жүйелерінің қауіпсіздігі жөніндегі» талаптары түсіндірілді», — деді маман.
Сондай-ақ департамент басшысы Алматы облысының аумағында газотехникалық инспекция құрылғанын айтты. Мұнда 10 қызметкер жұмыс істейді.
«Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, барлық аудандар мен қалалардың ТҮКШ бөлімдерінің ережелеріне толықтырулар енгізілді», — деді Ринат Рахимбулеков.
Айта кетейік, департаменттің бақылауында өнеркәсіптік тұтынушыларды газ желілеріне қосатын 13 газ тарату ұйымы бар. Облыста сұйытылған мұнай газын қабылдау, сақтау және өткізу бойынша 7 газ толтыру стансасы жұмыс істейді. Сонымен қатар 29 кәсіпорынға тиесілі 249 автогаз құю стансалары бар.