Жоба шеңберінде 55-70 га аумаққа 54 қазақ үйден тұратын этноауыл салынбақ. Ауылдың өзі кішігірім 7 ауылдан құралады. Және қазақ үйдің әрқайсысының өзіндік тақырыбы (дәстүр, ас үй, жәрмеңке, неке қию ғимараты, кәдесый тауарлары және т.б.) болады. Үйлердің ішкі безендірілуі (ыдыс-аяқ, үстелдер, кілемдер) мыңдаған жыл тарихы бар қазақ дәстүрінен, мәдениетінен сыр шертеді.
Жобаның мақсаты – облыста эксклюзивті демалыс орнын салу. Құны — 90 млрд теңге. Инвесторлардың жобасы жүзеге асса, 1000-нан астам жұмыс орны ашылады. Жоба жетекшісі — академик, этнограф, жазушы Болат Бопай.
Қазіргі таңда этноауыл салу мәселесі облыстық деңгейде қаралып жатыр.