Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 23 маусым күні сағат 16:50-де Еңбекшіқазақ ауданы, Бөлек ауылынан 10 шақырым жерде белгісіз жағдайда 2009 және 2013 жылы туған екі ұл бала белгісіз жерде жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті.
Іздестіру жұмыстарына Төтенше жағдайлар министрлігі, Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті, республикалық жедел-құтқару жасағы, полиция бөлімшелерінің құтқарушылары мен техникасы жұмылдырылды.
«Суару каналынан 23 маусым күні кешке және 25 маусым күні таңертең ТЖД жедел-құтқару жасағының іздестіру тобы суға батып кеткендердің денесін алып шықты», — деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
Алматы облысының ТЖД қызметкерлері жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін ата-аналардан кәмелет жасына толмаған балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.