Ақпаратқа сәйкес, 2022 жылы 8 268 егіз, 151 үшем дүниеге келген.
Туған егіз саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр – 1185 егіз. Одан кейін Алматы қаласы және Алматы облысы, сәйкесінше, 782 және 756 егіз.
Үшемнің дүниеге келуі бойынша алғашқы үштікті Түркістан облысы (24 үшем), Алматы (21) және Астана (18) бастап тұр.
Өткен жылы төртем дүниеге келген жоқ.
Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, 2022 жылы туғандар саны – 1403,9 мың адам.
Жоғары туу көрсеткіші Маңғыстауда (1000 тұрғынға шаққанда 28,53 адам), Түркістан (27,67) облысы мен Шымкент қаласында (27,13) байқалды. Туу бойынша негізгі үлес 30-34 жас аралығындағы (28,6%) және 25-29 жас аралығындағы әйелдерге тиесілі (28,1%).