Қонаевтың орталық алаңында таңнан түске дейін домбыра ойнап, халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
«Мемлекет басшысы айтқандай, домбыра біздің тұмарымыз әрі нышанымыз. Оның әсем үні әрқайсымызға жағымды, себебі, қазақ пен домбыра бір-бірінен ажырамас ұғымдар. Әртістер бүгін халық арасында танымал әндерді домбыраның сүйемелдеуімен шырқап, күй шертті», — деді композитор Төлеужан Ғұмаров өзінің пікірінде.