Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және тау бөктерлерінде кей уақытта тұман күтіледі.
Демалыс күндері Алматы облысында жауын-шашынсыз жайлы ауа райы күтілуде. Күндіз ауа температурасы +2…+4 градусқа дейін көтеріліп, жылы болады. Ал түнде термометр бағанасы -6…-8 градус аязды көрсетеді. Жексенбіде де ауа райы тұрақты, жауын-шашынсыз, ауыспалы бұлтты болуы мүмкін. Күндіз +2…+4 градус жылылық сақталса, түнде -7 градус аяз күтіледі.
Сонымен қатар, таулы аймақтарда қар көшкіні қаупі сақталып отырғанын атап өткен жөн. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тұрғындар мен облыс қонақтарына таулы жерлерде серуендеуден уақытша бас тартуға кеңес береді. Сондай-ақ, ауа райы болжамдары мен синоптиктердің ескертулеріне назар аудару маңызды екенін ескертеді.