11-14 наурыз аралығында Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде болатын қатты жауын-шашынға байланысты қар көшкінінің түсу қаупі сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Қар көшкіні жүруі мүмкін болғандықтан, қар басқан беткейлерге шығуға болмайды. 12 наурызда оңтүстікте, Алматы облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. 11 наурызда облыстың батысында, шығысында секундына 17-22 метрге дейін жел соғады.
12 наурызда шығыста, облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз секундына 23-28 метр жылдамдықпен жел соғады.
Алматыда 12 наурыз күні түстен кейін қатты жаңбыр жауады. Шығыстан күндіз секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.
11 наурызда Қонаевта оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады.
Сондай-ақ 11-12 наурыз аралығында Жетісу, Алматы облысы және Алматының іргелес аумақтарында қар ериді, мұз еріп, өзен суының деңгейі көтеріледі. Су тасқыны болуы мүмкін.