«Биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша облыста 1 113 жол апаты орын алды, 210 адам қаза тапты, 1 575 адам зардап шекті», — дейді соттың баспасөз қызметі.
Соның ішінде көлікті мас күйінше жүргізген азаматтардың апаттық жағдай тудыруынан 6 адам қаза тауып, 31 адам түрлі жарақат алды.
Облыстық сотта есірткі қабылдаған жүргізушінің жол апатына түскені жайлы айтылды.
Ол Mersedes-Benz 230 E көлігімен Алматы-Талғар трассасында келе жатқанда жол апатына түскен. Сот үкімімен аталған азамат 15 күн қамауға алынып, жүргізуші куәлігінен 7 жылға айырылды.