Алматы облысында полиция бірнеше рет алаяқтық жасады деген күдікпен 27 жастағы ер адамды қамауға алды, деп хабарлайды alataunews.kz.
Жамбыл ауданында жедел іс-шаралар нәтижесінде ұсталған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Ұзынағаш тұрғынының айтуынша, бейтаныс адам пәтер сатып алуға көмектесуге уәде беріп, одан 2 миллион 150 мың теңге алған. Тергеу барысында күдіктінің тағы екі адамды алдап, оларға да пәтер мен жер учаскесін алып беруге уәде еткені анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 7 миллион 375 мың теңгені құрайды.
Жамбыл аудандық полиция бөлімінің бастығы Асхат Данияр тұрғындарды кез келген мәміле жасау кезінде мұқият әрі сақ болуға шақырып, күдіктінің басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау бойынша жұмыстар жалғасып жатқанын мәлімдеді.