Іс-шараға облыс бойынша 60 мыңнан астам тұрғын қатысты. Акция аясында елді мекендер маңындағы рұқсат етілмеген қоқыстарды жою, рекреациялық аймақтарды, аллеялар мен саябақтарды тазарту жұмыстары жүргізілді. Аула тазалау жұмыстарына өңірлер мен ұйымдардың тұрғындары барынша тартылды.
Сондай-ақ еріктілер, экоактивистер мен қоғам белсенділері белсенді қатысты.
Сенбілік аясында елді мекендерден 1153,5 тонна қалдық шығарылды. Сонымен қатар 12 648 көшет отырғызылды.
Бұған қоса, бөлінбеген жерлерде қоқыс тастаған адамдарды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Нәтижесінде 8 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды