Биыл қаңтар айында елімізде кәмелетке толмағандарға қатысты 227 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді, бұл өткен жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 32% көп. Анықтама үшін: 2022 жылдың осы кезеңінде саладағы құқықбұзушылықтар саны жылына 32,8% азайып, 172 болған.
Өңірлер бойынша мұндай құқықбұзушылықтардың басым бөлігі Алматы облысында жасалған: бір жыл бұрын 18 іс болса, енді 25.
Одан кейін Алматы қаласы (23 іс, 2022 жылы — 8) және Түркістан облысы (19 іс, бір жыл бұрын — 20). Атырау мен Жамбыл облыстары да қалыспайды: әрқайсында 17 істен.
Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық құқықбұзушылықтардың ең азы Ұлытау және Абай облыстарында тіркелген: сәйкесінше 3 және 4 іс.
Көбіне кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстық құқықбұзушылықтар жеке адамға қатысты жасалған: 137 іс — 2022 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 18,1% көп. Сондай-ақ секторда меншікке қарсы 33 құқықбұзушылық, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы 17 құқықбұзушылық, көлікте 17 құқықбұзушылық және отбасына қарсы 12 құқықбұзушылық жасалған.
Баптар бойынша статистика мынандай: «Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы басқа да әрекеттер» бабы бойынша бір жыл бұрын 25 іс болса, қазір 45 іс. «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» — 24 іс, бір жыл бұрын 22 іс, «Зорлау» және «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» баптары бойынша әрқайсысы 20 іс тіркелді.