Желіде тараған бейнежазбада тәрбиешінің баланы әжетханаға қамаған іс-әрекеті толығымен түсіп қалған.
«Балабақша әкімшілігі баланың ата-анасынан кешірім сұрады. Содан кейін олар баланы бақшадан шығарып алды. Бұған дейін тәрбиешінің атына шағым түспеген. Сол үшін оның жұмыстан өз еркімен шығуына мүмкіндік берілді», — деп жауап берді Іле аудандық білім бөлімінің басшысы Ләззат Жақыпқызы.
Алғашқыда видеоға монтаж жасалған деген балабақша басшысы кейіннен тәрбиеші баланы ұрмаған деп жауап қатты.