Бұл ақшаға жалпы салмағы 2095 тонна болатын 7 түрлі өнім сатып алынды. Тауар облыста қойманы жалға алу мәселесі шешілген соң ақпан айында жеткізіледі.
Сондай-ақ кәсіпкерлік басқармасының маманы өңірдегі «Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесе отырып, Қонаев қаласында әлеуметтік маңызы бар тауарларды сататын дүңгіршектерді ашу сұрағы талқыланып жатқанын айтты. Бүгінде 7 дүкенмен келісімге келу жоспарланып отыр.
«Жоғарыда аталған шаралармен қоса, Қонаев қаласының «Алға» және «Жетісу» базарында апта сайын ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып жатыр. Бұл жерде саудаланатын тауарлардың бағасы дүкендегіден қарағанда 10-15 пайыз төмен. Аудан және ауыл әкімдіктеріне жәрмеңкелерді мейлінше көбірек өткізу туралы тапсырма берілді», — деді Әділ Әбілдаев.