Ауқымды шараға «Ауылдық аумақтарды дамытуда мемлекет пен ҮЕҰ серіктестігі» атауы арқау болды.
«Жергілікті қауымдастық қорының Шелек ауылындағы «Агробизнес» орталығының жұмысымен танысты. Аталмыш нысан фермерлердің екінші үйі. Орталықта жердің құнарын анықтаудан бастап, өнімді сатуға дейінгі қызметтерге сатылай қолдау көрсетіліп, нәтиже шыққанға дейін мамандар бірлесе еңбек етеді. Дәл осы орталықтың негізінде ауылдағы шаруалар бірігіп, «Шелек фермерлер» кооперативін құрып, қазіргі таңда істерін дөңгелетіп отыр. Кооперативке 35 адам мүше. Бір мүдде жолында күш біріктірген шарулар «бірлік бар жерде, тірлік бар», дейді. «Кооператив 2017 жылы құрылды. Қазіргі таңда біз қызанақ, бұрыш өсірумен айналысамыз. Өнімдеріміз «Шелек фермерлері» сауда белгісімен нарыққа шығады. Қазақстан бойынша көкөністерімізді сауда орындарына өткіземіз», — дейді кооператив төрағасы Марат Мансұров.
Фермерлердің айтуынша, өнімнен қалдық қалмайды екен. Сатудан қалған өнімдерді кептіріп, түрлі дәмдеуіштер әзірлейді. Одан бөлек табиғи шырын өндіреді. Қажетті құрылғылары да бар. Форумның екінші кезеңі пленарлық отырысқа ұласты. Оған Алматы облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Бота Елеусізова, Қазақстан Азаматтық Альянсы Президенті Бану Нұрғазиева қатысты. Сонымен қатар қонақтар қатарында аудандық және қалалық әкімдіктердің, өңірлік ҮЕҰ, саяси партиялардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, түрлі деңгейдегі депутаттар, бизнес өкілдеріде болды.
Жиында сөз алған Алматы облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Бота Серікқызы өңірде Азаматтық қоғамға көп көңіл бөлініп жатқанын жеткізді.
«Еліміздегі жұмыс істейтін ҮЕҰ бағыттары жыл санап көбейіп келеді. Алматы облысында 515 ҮЕҰ тіркелген. Аталған ұйымдар әлеуметтік саладан бастап, экономиканың түрлі бағыттарында өз қызметтерін жүргізіп келеді. Бүгінгі күні қоғамдық бірлестіктер ауылдық аумақты дамытуға атсалысып жүр», — деді Алматы облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Бота Елеусізова.
Өзгеде қатысушылар ҮЕҰ тек әлеуметтік сала маңындағы мәселені шешіп қоймай мәдениет, саясат экономикаға ден қою керектігін айтты. Пленарлық отырыста сөз алғандар, ауылдық жерде аталған ұйымдарды құру ел дамуының кепілі екенін алға тартты.
Өңірде Азаматтық қоғамды дамытуға ерекше назар аударылуда. 2023 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа 56 жобаны жүзеге асыру үшін 371 млн. теңге қаржы қарастырылған. Сондай-ақ, аймақта ҮЕҰ қызметін ақпараттық және құқықтық қолдау мақсатында консолтинг орталық жұмыс істеп тұр. Оның қызметі аясында жыл сайын әлеуметтік идеялар мен жобалардың жәрмеңкесі өткізіліп, үздік жобаларға 10 шағын гранттар бөлініп жатыр.