Жолаушылар автокөлігінің қатысуымен орын алатын апаттардың алдын алу, сондай-ақ тасымалдауды жүзеге асыру кезінде талаптардың сақталуын бақылауды күшейту мақсатында Алматы облысында Департамент бастығының бұйрығымен 2-5 қараша аралығында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
«Профилактика жұмыстары шеңберінде ішкі істер органдарының қызметкерлері жол қозғалысы ережелеріне қатысты құқық бұзушылықтарды, кәсіпкерлік қызметті заңсыз жүзеге асыруды және автобус жүргізушілері мен лауазымды тұлғалардың басқа да құқыққа қайшы әрекеттерін анықтап, жолын кесетін болады», — деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.
Сонымен қатар, полиция қызметкерлері көлік құралдарының техникалық жай-күйі мен конструкциясының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін бақылайды, сондай-ақ техникалық байқаудан уақтылы өтуін тексереді.