«Жол апатынан автобустың екінші жүргізушісі 36 жастағы ер адам мерт болды. Жақын маңдағы үш медициналық мекемеге түрлі жарақат алған 11 адам жеткізілді, олардың біреуі бала», – деді аймақ полициясы.
Департаменттің мәліметінше, жолаушылар автобусының қатысқан жол апаты Жамбыл ауданындағы Жаңақұрылыс ауылында 21 маусымға қараған түні болған.
Анықталғандай Van Hool маркалы автобустың 43 жастағы жүргізушісі Алматы-Бішкек тасжолының 55 шақырымында тізгінге ие бола алмай, КамАЗ көлігімен соғылған.
Қазір қылмыстық тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.