Агенттік жұмысының басым бөлігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және талдау желісі бойынша жүргізіледі.
«Бір ғана мысал, құрылыс басқармасы бір құрылыс құрылымын шамамен 900 млн. теңгеге сатып алмақ болған. «Бірыңғай сатып алу терезесі» порталының деректеріне сәйкес, мұндай құрылымның орташа бағасы небәрі 750 мың теңге (1200 есе артық). Сатып алу тоқтатылды», — деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Серік Орымбетов.
Бюджет қаражатын мақсатсыз және тиімсіз жұмсау фактілерінің жолын кесу мақсатында мемлекеттік сатып алу мониторингі жүргізіліп тұрады.