Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Алматы облысында арнайы бағдарлама бойынша 38 медициналық нысан салынады

Бұл туралы өңірге іссапармен келген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов мәлім етті.

07.04.2023
Аймақ

«Бүгін облыстағы денсаулық сақтау мекемелерін араладық. Қордаланған мәселелер баршылық. Олар: медициналық мекемелердегі тозығы жеткен құрыл-жабдықтар мен кадр тапшылығы, сондай-ақ нысандардың жеткіліксіздігі. Ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау нысандарын дамыту жөнінде арнайы ұлттық жоба бар. Соның аясында үш жылдың ішінде елімізде 600-ден астам нысан салынады. Оның 38-і Алматы облысында. Бағдарлама бойынша жұмыстар денсаулық сақтау министрлігінде жүріп жатыр», — деді Алтай Көлгінов.

Сонымен қатар ол республика бойынша 32 ауданаралық ауруханалардың күшейтілетінін айтты.

«Демек, ауруханаларда қосымша медициналық құрал-жабдықтар қойылады, дәрігерлердің біліктілігі арттырылады. Ал Алматы облысында бұл бағдарлама аясында 2 жоба жүзеге асырылады. Бұл мәселе де бақылауға алынған. Бағдарламаның толыққанды жұмыс жасауы үшін қыруар қаражат қажет», — деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Алтай Көлгінов Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан орталық аурухананың жұмысымен танысқанын да айта кеткен жөн. Аурухананың басшылығы вице Премьер-Министрге құрал-жабдықтардың жетіспеушілігі, дәрігер тапшылығы және МӘМС жүйесіндегі бірқатар мәселелерді жеткізді.

Тегтер: Алматы облысыАлтай Көлгіновқұрылыснысан

Соңғы жаңалықтар

ОСК жаңа Конституция жобасы бойынша референдум бюллетенінің мәтінін бекітті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысы білім басқармасының басшысы тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында жүк көлігі жеке тұрғын үйге соғылды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында полиция трассаларды дрондар арқылы бақылауды күшейтті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қазақстан XXV қысқы Олимпиадада нешінші орын алды?

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz