Кеңсенің ашылу салтанатына «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жауапты қызметкері Жанат Елубаева қатысты.
«Құрметті ардагерлер, бүгінгі қуаныштарыңыз құтты болсын! Қуанышты күндеріңіз ұзағынан болсын! Біздің ұйымда 2 млн-дай ардагерлер бар. әр өңірде филиалдарымыз жұмыс істеп тұр. Өткен жылы жаңадан құрылған облыстарда да ұйымның қосындары ашылды. Сонымен қатар ұйым атынан «Ардагерлер үйіне» кішігірім сый-сияпат табыс еткен болатынбыз. Облыс және қала басшылығына қарттарға көрсетілген қамқорлығы үшін алғыс айтамыз. Ардагерлердің жүзі әрқашан ашық болсын!», — деді Жанат Елубаева.
Қарттарды кеңсенің ашылуымен Қонаев қаласының әкімі Нұрлан Құматаев та құттықтап, алдағы уақытта бұл жерде ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылатынын атап өтті.
Салтанатты шарада Жанат Елубаева Әмзе Исаевқа ұйымның «Құрмет белгісі» төсбелгісін табыс етті. Бұдан бөлек, ол Сабыр Досымбеков пен Тілеулес Ұзақовты Құрмет грамотасымен, Батырхан Меңдебаевты Алғыс хатпен марапаттады.
Содан кейін облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бота Елеусізова, қала әкімі, ұйымның жауапты маманы «Ардагерлер үйінің» қызыл лентасын қиды.
Шара соңында жиналған жұртшылық кеңсені аралап көрді.