Акция аясында Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарының басшыларына, облыс әкімінен бастап аудандық бөлімдердің басшыларына дейін мейірімділік хаты бар конверттер таратылды. Онда жемқорлыққа қарсы тақырыпта балалар суреттері салынған нақыл сөздер, әңгімелер жазылған.
«Хат жазу дәстүрінің терең тарихы бар. Ежелгі дәуірде, жазу алғаш пайда болған кезде, адамдар хаттардың үлкен эмоционалды күші бар екенін түсінді. Сондықтан конверттерді туыстарына, жақындарына және алыстағы адамдарға хаттарды беру үшін қолданды. Кейбіреулер хат пен конверт арқылы өз сезімдері туралы айтып, өз әсерлерімен бөлісті. Сонымен қатар хаттар жай айтылған сөздерден гөрі жадыда ұзақ сақталады. Алайда, бүгінде көптеген адамдар үшін конверт тек ақша беру үшін қолданылады, ол өз кезегінде негізгі мағынасы мен маңыздылығын жоғалтады», — деп жазылған хат мәтінінде.
Хатты алушылардың бірі – Іле ауданы әкімі аппаратының басшысы Азамат Жандосов қазіргі таңда елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат оның алдын алу тетіктеріне сүйенетінін атап өтті. Сондай-ақ осы акцияны қолдап, әкімдік қызметкерлеріне осындай конверттерді жіберуді тапсырды.
«Хатты оқығаннан кейін, адамдар бұрын туыстары мен жақындарына ішкі жан сырлары жазылатынын, ал қазір конверт теріс мақсатта пайдаланылатынын түсіндім», – деді аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Қарлығаш Бөпетаева.