Мәлеміт бойынша, 2025 жылдан бастап жаңа «Апорт» бақтарын отырғызу жұмыстары басталады.
Ауқымды жоба 2028 жылға дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында 25 мың алма көшетін өсіріп, 110 гектар алқапқа жаңа бақтар отырғызу көзделген.
Қажетті қаражат бөлініп қойған. Қазірдің өзінде Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының мамандары іске кірісіп кетті. Сарапшылардың айтуынша, алғашқы өнім 2033 жылы жиналады деп күтілуде.
Бұл бастама – тек бір сортты жаңғырту ғана емес, сонымен қатар отандық бау-бақша шаруашылығын дамытудың жарқын қадамы болмақ.