Иесіз қалған сәбиді жолай өткен көліктегі адамдар көріп, тоқтаған. Арбадағы сәби бірнеше сағат далада қараусыз қалған. Қол арбада жатқан сәбидің ата-анасын бірнеше сағат күткенмен, баланың ата-анасы сол қалпы келмеген. Амалы таусылған жүргіншілер тіптен жақын маңайды машинамен жүріп, баланың ата-анасын өздері іздеуге де кірісіпті. Құндақтаулы баланы иен далаға қалдырып кеткен ата-ананы ақыры полиция да іздеуге шыққан.
«Емізулі бала. Жыламайды. Күліп қояды. Мына көпірдің астына қалдырып кеткен ғой. Қалай қорықпайды», — дейді сәбиді тауып алған жігіт.
Оқиға Қарасай ауданының Елтай ауылдық округінде орын алған. Округтің әкімдігі түстен кейін сәбидің анасының табылғанын хабарлады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram