Осы орайда «AMANAT» партиясының Алматы облыстық филиалы ұстаздар күніне орай Қонаев қаласындағы Мәдениет үйінде салтанатты шара өткізді. Ұстаздарды мерекесімен құттықтаған партия филиалының төрағасы Қуат Байғоджаев білікті де білімді маман қай кезде де керек екенін атап өтті.
«Алты Алаштың баласы бас қосса, төр – мұғалімдікі. Алматы облысынан да педагогика саласының небір майталмандары шықты. Әр қайсысы бір төбе, бір тау. Әлі де ел есімін әлемге әйгі ететін мамандар шығатынына сеніміз мол. Оқытқан оқушыларыңыз, тәрибелеген шәкірттеріңіз, қолынан жетектеген бүлдіршіндеріміз заманынан оза шауып, еліміздің ғана емес әлемнің үздіктері қатарынан көріне берсін!», – деді Қуат Байғоджаев.
Айта кетейік, «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы аясында мемлекеттік мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары басшыларының жалақысын 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 100%-ға кезең-кезеңімен арттыру жоспарланған.