«Өздеріңіз білетіндей, Алматы қаласы өз аумағынан 50 шақырым радиустағы елді мекендерді қоғамдық көлікпен қамтамасыз етеді. Дегенмен соңғы уақытта шаһарға іргелес жатқан облыс аудандарының тұрғындары автобустардың жоқтығына көп шағымданып жатыр. Аталған мәселені шешу үшін облыста биылғы жылдың 3-тоқсанында Алматыға қатынайтын 10 автобус бағытын ашу жоспарланып отыр», — деді Алмас Батанов.
Автобус маршруттары келесідей болмақ:
• Қарасай ауданы бойынша — «Сайран автовокзалы — Алмалыбақ ауылы – Жалпақсай ауылы (Сұлусай көшесі арқылы) – Жамбыл ауылының жаңа шағын ауданы – Көлді ауылы – Мерей ауылы».
• Қарасай ауданы — «Қаскелең қаласы — СДУ — Алмалыбақ ауылы — Абай көшесі — Алматы қаласы (Сайран автовокзалы)».
• Қарасай ауданы — «Жібек жолы ауылы — Алматы қаласы (Сайран автовокзалы)».
• Іле ауданы — «Көкқайнар ауылы 1,2,3 — М. Түймебаев ауылы — Көкжиек ш/а. — Алматы қаласы (№1 Теміржол вокзалы)».
• Талғар ауданы — «Дәулет ауылы — Жаңалық ауылы — Өтеген батыр ауылы — Покровка ауылы — Алматы қаласы (Саяхат автовокзалы)».
• Қарасай/Жамбыл ауданы — «Қарғалы ауылы — Бекболат ауылы — Үшқоңыр ауылы — Қаскелең қаласы — Алмалыбақ ауылы — Алтын Орда базары — Сайран автовокзалы».
• Жамбыл/Қарасай ауданы — «Мыңбаев ауылы — Қасымбек ауылы — Алмалыбақ ауылы — Қалқаман ш/а — Сайран автовокзалы».
• Іле ауданы — «Междуреченск ауылы – Чапай ауылы — Комсомол ауылы — Жәпек батыр ауылы — №1 Теміржол вокзалы».
• Іле ауданы — «Ащыбұлақ саяжайлары – №1 Теміржол вокзалы».
• Қарасай/Іле ауданы — «Исаев ауылы — Береке ауылы — Ақсеңгір ауылы — Боралдай көшесі — №1 Теміржол вокзалы».
Басқарма басшысының айтуынша, қазіргі таңда автобус маршруттарын, қозғалыс сызбалары мен кестелерін әзірлеу, автобустарға арналған аялдамаларды дайындау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, Алматы облысында жолаушылар және жүк тасымалымен айналысатын 7 автостанса бар. Өңірдің маршруттық желісіне 93 автобус қатынасы кіреді. Оның ішінде, 3 облысаралық және облысішілік, 27 ауданаралық, 37 ауданішілік (қалаішілік), 26 қала маңындағы бағыттары қызмет етеді.