Алматы облысының жастарына пәтерді жеңілдікпен алу мүмкіндігі берілді. «Алатау жастары» бағдарламасы аясында әкімдік бүгіннен бастап өтініштерді қабылдауды бастады, деп хабарлайды alataunews.kz.
Бұл бағдарламамен 35 жасқа толмаған азаматтар баспанаға қол жеткізе алады.
Бағдарлама шарттары:
- Несие мөлшері 18 миллион теңгеден аспайды;
- Бастапқы жарна — 10%;
- Қарыздың сыйақы мөлшерлемесі — 6%;
- Несие мерзімі — 19 жыл.
Бағдарламаға қатысу талаптары:
- Өтініш беру кезінде 35 жасқа дейінгі болу;
- Қазақстан Республикасының азаматтығы болуы;
- Соңғы 5 жыл ішінде өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің Қазақстан аумағында жылжымайтын мүліктің болмауы;
- Қазақстан аумағында сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің болмауы;
- Алматы облысында таңдалған қызмет саласында ресми жұмыс өтілі 1 жылдан кем болмауы (зейнетақы жарналарымен расталуы қажет);
- Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың тек біреуі ғана қатыса алады.
Өтініштер қазан айының 1-15 аралығында қабылданады.
Қабылдау уақыты: 10:00-18:00.
Мекенжай: Қонаев қаласы, 1-шағын аудан, №41, Бәйтерек БО, 1-қабат, акт залы.