Қаскөйлер үйірдің айғыры өлгенше оқ жаудырған. Аталған оқиға бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Ал барымташылар әлі табылған жоқ.
Жылқының иесі ұрланған малынан хабар берген адамдарға 5 миллион теңге сыйақы табыстайтынын хабарлаған.
«Талғар ауданы ПБ кезекші бөліміне азаматтың жазбаша өтінішпен жүгінгенін хабарлаймыз. 1994 жылы туған азамат Талғар ауданында орналасқан жайылымнан 43 бас жылқы ұрлау фактісі бойынша арызданды», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Бұл факт ҚР ҚК 188-1-бабы 2-тармағының 4-бөлігі (мал ұрлығы) бойынша тіркелді. Талғар ауданы ПБ қызметкерлері жедел-тергеу тобын құрды. Жергілікті жерлерде фактіні тергеудің жан-жақтылығы мен толықтығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілмек. Ал үйірін барымташылардан қорғаған айғырға кемінде үш оқ тиген.