Мамандар, АИТВ-инвекциясының таралу жолдарына тоқталды. Айтуларынша, ең көбі жыныстық жолмен ( 77,9%), парентеральды ( 12,5%), вертикальдық (1,1%)сипатта таралады екен . Аталған инфекцияны жұқтыратындардың басым бөлігі 30-39 жас аралығыдағы азаматтар екен. Олардың 31,9%-ы індетке шалдыққандар.
Алматы облысында АИТВ жұқтырғандардың 95%-ы өз мәртебесін біледі, олар арнайы антиретровирустық ем қабылдап, вирустық супрессияға қол жеткізді. Зертханада облыс тұрғындары арасында ИФА көмегімен АИТВ скринингтік зерттеулер жүргізіледі. Халықтың негізгі топтары арасында АИТВ инфекциясының алдын алу мақсатында аудандарда 2 Достық кабинеті мен 7 сенім пункті жұмыс істейдің, оның біреуі жылжымалы.
2024 жылдың басына қарай 2358 адам диспансерлік есепте тұр, оның 46-сы 15 жасқа дейінгі балалар, алайда ерекше назар аударуды қажет ететін жағдайлар бар. Мысалы, ВИЧ инфекциясын жұқтырған ата-аналар мен олардың балалары емдеуден және дәрігерлердің бақылауынан бас тартады. Осыған байланысты ата-аналармен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.