Іле Алатауы жотасындағы қар көшкіні қаупі бар аймақтар мен Балқаш ауданының су тасқыны қаупі бар аймақтарын бағалау үшін арнайы әуе арқылы тексеру ұйымдастырылды. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары «Қазселқорғау» ММ өкілдері және аудан әкімімен бірлесіп, Ми-8 «Қазавиақұтқару» тікұшағымен аэровизуалды зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Тексеру нәтижесінде жауапты мемлекеттік органдарға қажетті ұсыныстар әзірленді. Бұл ұсыныстарды жүзеге асыру өңірде су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз етеді және тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.
Алматы облысының ТЖД