Ал өңірдің таулы аймақтарында күн райы 33 градусқа дейін суытып, аяз болады.
Осыған байланысты облыс әкімдігі тұрғындар мен қонақтардан таулы аймақтар мен алыс жолдарға шықпауын сұрайды.
«Жол қозғалысы қиындап, апат орын алуы ықтимал. Жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін көлікті басқару кезінде қауіпсіздік шараларын сақтаңыз және аса қажет болмаса, қаладан шықпаңыз», — делінген облыс әкімдігінің хабарламасында.
Айта кетейік, елімізде жолдардың жабылғанына, ТЖД түрлі ескертпелеріне қарамастан сапарға шыққандарға 103 мың теңге айыппұл салынады.
https://www.alataunews.kz/zhanalyq/zholdardyng-zhabylghanyna-qaramastan-sapargha-shyqqandargha-103-myng-tengge-ajyppul-salynady/