«Биыл Іле ауданы мен Қонаев қаласының электр желілерін жөндеу үшін 2 млрд 664 млн теңге бөлінді. Оның 516,8 млн теңгесі республикалық бюджеттен болса, қалғаны жергілікті бюджеттен. Жөндеу жұмыстары бойынша жалпы 6 жоба жүзеге асады, оның екеуі «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасының аясында. Нәтижесінде аталған аудан мен облыс орталығындағы 72 шақырымнан астам электр желісі жөнделеді», — делінген хабарламада.
Сондай-ақ баспасөз қызметі Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Қарасай, Талғар, Кеген аудандары мен Қонаев қаласына электр желісін тарту және жаңғырту жұмыстарының жобалық-сметалық құжатын дайындау үшін 270 млн теңгеден астам ақша бөлінгенін хабарлады. Бұл аудандарда жалпы саны 25 жоба жүзеге аспақ.