Қалған 5 полигонда жиналған қайталама шикізат құр өртеліп, күлге айналып жатыр. Өңірдегі барлық полигонға жылына 429 мың тонна қалдық келіп түседі. Соның небәрі 22 пайызы ғана қайта өңделеді.
Ал облыс орталығында мемлекет меншігіндегі 1 заңды қоқыс полигоны жұмыс істейді. Ол «Қарлығаш» саяжайының маңында орналасқан. Мұнда күніне 15 көлік қалдық әкелінеді. Олардың 10 пайызы өңдеуге жарамды. Алайда, жиылған қоқыс ешқайда өткізілмейді. Бірде бір бөтелке, шыны ыдыстар қайта өңделмейді. Өйткені, полигон ішінде сұрыптау цехы әлдеқашан істен шыққан. Нысанға жауаптылардың айтуынша, жақын маңдағы елдімекен тұрғындары келіп пластиктерді қаппен алып кетеді. Жауаптылар ешкімге тосқауыл қоймайтындарын айтады.
«Бұл полигон ликвидацияға жатады. Себебі, шаһарға тым жақын маңда орналасқан. Қазіргі таңда жаңа полигонға жер дайындалып, қоқыс сұрыптауға арнайы желі жасау үшін жобалық-сметалық құжаты әзірленіп жатыр», — деді қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Дархан Қарағонысов.
Естеріңізге сала кетейік, облыста қоқысты өңдеу үшін 12 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Олардың жылдық қуаттылығы 120 мың тонна.