Өңірде 2027 жылға дейін партияның сайлауалды бағдарламасы аясында 6,9 мың гектар суармалы жерді қалпына келтіру жоспарлануда.
Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Димаш Садықовтың айтуынша, ауыл шаруашылығы мақсатындағы суармалы жерлердің ауданы 263,8 мың га құрайды. Ал оның ішінде суармалы егістік 240 мыңға жуық гектар.
Бүгінгі таңда суару желілері мен су шаруашылығы объектілерінің тозуы 60-70 пайызы тозған.
«Бұл мәселені шешу үшін әкімдік өткен жылдан бастап айналымнан шығып қалған 54,1 мың га суармалы жерлерді қалпына келтіруге мүмкіндік беретін суару желілерін қайта жаңғырту бойынша шаралар қабылдап жатыр», – дейді басқарма басшысының орынбасары.
Айта кету керек, «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында Жамбыл, Іле, Талғар аудандарының суару желілерін қайта жаңарту міндеті тұр. Жалпы, үш жобаның жалпы құны 64,4 млрд теңге. Биыл оған 3 млрд теңге қаражат бөлінген.
Жобалар толық іске асырылған жағдайда айналымға 22 мыңға жуық гектар пайдаланылмайтын суармалы жерлерді енгізу жоспарланған.