Олардың 88% иттерден, 8% мысықтардан, 2% кеміргіштерден, 1% үй жануарларынан және 1% жабайы жануарлардан зардап шекті.
Негізгі үлес салмағы немесе 40%-дан астамы қаңғыбас иттердің қабуынан зардап шекті. Бұл ретте 2020 жылы Еңбекшіқазақ және Ұйғыр аудандарында зерттелген 3 жануардың құтыру ауруы зертханалық расталған (2 ит, 1 қасқыр). Бұл аулау, ұстау, вакцинациялау және зарарсыздандыру сияқты қаңғыбас жануарлармен тиімді алдын алу шараларын жүргізу қажеттілігін көрсетеді.
Жануарлардан зардап шеккен адамдардың ең көп үлесі халық тығыз орналасқан өңірлерде, атап айтқанда: Қарасай, Іле, Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарында байқалады.
2020 жылы 4 833 адам, 2021 жылы – 3 987 адам, 2022 жылы – 4 280 адам медициналық көмекке жүгінді. Оның ішінде зардап шеккендердің 46% балалар мен жасөспірімдер. Алматы облысының тұрғындары арасында құтыру ауруы тіркелген жоқ.
Құтыру ауруы — өлімге әкелетін және кең таралған инфекция. ДДҰ мәліметтері бойынша, құтыру жұқпалы аурулардан халықтың өлім-жітімі бойынша оныншы орында және әлемнің 150-ден астам елінде тіркелген.
Алдын алудың жалғыз тиімді жолы — жануарлардан зардап шеккен адамдарға уақтылы медициналық көмек көрсету, соның ішінде құтыруға қарсы иммундау.