2024 жылдың басынан бері Алматы облысында жалпы көлемі 397 313 гектар болатын 1340 жер учаскесі пайдаланылмағаны белгілі болды, деп хабарлайды alataunews.kz.
Мемлекет меншігіне қайтарылған жерлер:
Жерді тиімді пайдалану және әділдік орнату мақсатында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде:
- 84 100 гектар жер мемлекетке қайтарылды, оның ішінде:
- 52 100 гектары жер иелерінің өз еркімен қайтарылды,
- 32 000 гектары сот шешімімен тәркіленді.
Бұл шаралар ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету және жер ресурстарын ұтымды басқаруды дамыту мақсатында жүзеге асырылып жатыр. Жерді қайтару бағытындағы жұмыстар жалғаса береді.
Мемлекетке қайтарылған активтерді басқару мәселелері Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің жетекшілігіндегі комиссияға жүктелген. Комиссияның жұмыс органы ретінде ҚР Бас прокуратурасының Активтерді қайтару комитеті қызмет атқарады. Бұл құрылым заңсыз иемденілген активтерді анықтап, оларды ел игілігіне қайтарумен айналысады.
Еліміздің жер ресурстарын тиімді пайдалану жолында бұл жұмыстар жүйелі түрде жалғасады.