«Көктемгі егіс жұмыстарына дайындық, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру туралы облыс әкімінің орынбасары Рауан Рақымбековтың аудандарды аралау кестесі бекітілді. Осыған байланысты аудан, Қонаев қаласы әкімдіктерінде ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлері шаруашылықтарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр», — деді басқарма басшысы Дастан Құдабаев.
Оның айтуынша, облыстағы 39 шаруашылыққа жалпы сомасы 482,5 млн теңге несие берілді. Дегенмен Райымбек, Қарасай аудандары мен Қонаев қаласында бағдарлама аясында жұмыстар төмен ұйымдастырылып жатыр. Шаруалардан өтінім қабылдау әлі де жалғасады.
Айта кетейік, «Кең дала» бағдарламасы арқылы шаруашылықтар Аграрлық несие корпорациясынан 1,5 және одан да жоғары пайызбен 1 млн-нан 10 млрд теңгеге дейінгі сомада несие ала алады. Бұл қаржыны кәсіпкерлер келесі жылдың наурызына дейін өтеуі қажет.