Ол өңірдегі 317 446 оқушының 253 957-інің жазғы демалысы ұйымдастырылып, сауықтыру шараларымен қамтылғанын атап өтті.
«Жекелеген санаттағы 6804 оқушы мен тәрбиеленушінің жазғы демалысын ұйымдастыру және сауықтыру үшін облыстық бюджеттен 327 млн 73 мың теңге бөлінді», — деді Лаззат Тұрлашов.
425 жалпы білім беретін мектептер мен 25 қосымша білім беру ұйымдары жанынан 153 603 оқушыны қамтитын жазғы алаңдар жұмыс істеді.
«Облыс аумағында 2022 жылдың жазғы кезеңінде 2 мемлекеттік, 13 жеке меншіктегі лагерь және «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы балаларға қызмет етті», — деді облыс әкімінің орынбасары.