Табиғи монополияларды реттеу департаменті жыл басынан бері монополиялық субъектілерге ҚР-ның арнайы заңына және ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сүйене отырып, 4 тексеру жүргізді.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде «Сигма ГАЗ» ЖШС, «ЖК Сервис» жеке кәсіперлігіне, «Есік су құбыры» және «Таусамалы Қызмет» мекемелеріне тексеріс жүргізілді. Сондай-ақ қазіргі уақытта «Іле су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының жұмысы талданып жатыр.
Тексеру нәтижесінде:
• «Сигма ГАЗ» ЖШС-не 2 001 000 теңге әкімшілік айыппұл салынып, 3 хаттама толтырылды.
• «ЖК Сервис» жеке кәсіпкерлігіне 2 091 907,30 теңге айыппұл салынды. Бұл кәсіпорын сумен қамтамасыз ету бойынша көрсеткен қызметі үшін белгіленген (80,80 тг) тарифтің үстіне негізсіз 70 теңге қосқан.
• ШЖҚ «Есік су» тарапынан табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзушылықтар анықталған жоқ.
• Ал «Таусамалы Қызмет» мекемесіне атқарушы органдар тарапынан тарифті бекітпей су беру қызметін жасағаны және табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тізіміне енбей жатып, электр энергиясымен халықты қамтығаны үшін 2 394 741,6 теңге айыппұл салынды.
Бүгінгі таңда ҚР ӘҚБтК-нің 811-бабына сай бюджетке 4521148,9 теңге түсті.