Қазақстан полициясы күнін мерекелеу құрметіне орай, Алматы облысы ПД-да салтанатты іс-шара өткізілді. Мерекелік шараны аша отырып, Бауыржан Әленов ардагерлерді, сондай-ақ әріптестерін кәсіби мерекесімен құттықтады.
Дәстүр бойынша мереке ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен қызметтік міндеттерін адал атқарғаны және жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін жекелеген қызметкерлерге атақтар, грамоталар, медальдар табыс етілді. Сонымен қатар облыс әкімінің және ПД бастығының бұйрығымен бірқатар қызметкерлердің жетістіктері атап өтіліп, оларға грамоталар мен алғыс хаттар табысталды. Жалпы департамент бойынша 2074 полиция қызметкері марапатталды.
«Өз кезегімде, баршаңызды кәсіби мерекемен, «23 маусым – Қазақстан полициясы күні» мерекесімен құттықтаймын. Қоғамдық тәртіпті қалыптастыру, ел тыныштығын қорғау жолындағы қажырлы еңбектеріңізге сәттілік тілеймін. Әрдайым анттарыңызға адал болып, ел қорғаны деген атаққа абыройлы қызмет ете беріңіздер! Еліміз тыныш, халқымыз аман, бауырымыз бүтін, бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!» — деп жазды Бауыржан Әленов.