Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Алматы облысында 2022 жылы ауыл шаруашылығы саласында өсім небәрі 0,1% болды – Асылан Ораз

Облыс әкімдігінің мәжілісінде баяндама жасаған Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Асылан Ораз, әсіресе, өсімдік өнімдерінің өнідірісі 1,7%-ға азайғанын айтады.

27.01.2023
Аймақ

Мұндай көрсеткіштің төмендеуін былай деп түсіндірді:

«Біріншіден, егістік алаңдары 3,1 мың гектарға қысқарып, дәнді дақылдардың жалпы түсімі 2021 жылдың деңгейінде қалды (628,1 мың тонна). Екіншіден, облыста 74 жылыжайдың 16-сы жұмыс істемей тұр. Үшіншіден, бүгінгі таңда облыста жалпы сыйымдылығы 129,3 мың тонна болатын 73 көкөніс қоймасы бар. Алайда, оның жартысынан көбі Еңбекшіқазақ және Іле аудандарында, ал қалған аудандарда қоймалар тапшы.Сондықтан облыстағы азық-түлік бағасын тұрақтандыру және дихандарды ынталандыру мақсатында қосымша көкөніс қоймаларын әр ауданда көптеп ашу қажет», — деп санайды ол.

Өңірдің бас экономисті былтыр бес жүз мың гектар жерге егілген дақылдардан небәрі 765,7 мың тонна көкөністер жиналғанын атап өтті. Бұл өткен жылмен салыстырған 26,6 мың тоннаға аз. Сонымен қатар, картоп та 16,2 мың тоннаға азайған.

«Осы жіберілген кемшіліктердің салдарынан аграрлық секторда өндірілген өнім көлемі жағынан республикада 5-ші орында тұрсақта, өсім (нақты көлем индексі – 100,1%) қарқыны бойынша республикада 15-ші орынға түстік (ҚР – 109,1%)», — дейді Асылан Ораз.

Облыс бойынша экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының есебіне жүгінсек, мал шаруашылығындағы ет өндірісі де Қарасай, Еңбекшіқазақ (2,0 мың тоннаға), Кеген (1,0 мың тоннаға), Жамбыл (770 тоннаға), Талғар аудандарында (490 тоннаға), сүт — Жамбыл (3,7 мың тоннаға), Талғар (3,0 мың тоннаға), Балқаш (265 тоннаға), жұмыртқа – Ұйғыр ауданында (68,0 мың данаға) төмендеп кеткен.

Қазіргі таңда облыс бойынша мал жаю үшін халыққа небәрі 600 мыңға жуық гектар жайылымдық жерлер берілген, бұл қажеттіліктің тек 38 пайызын жабады. Оның ішінде жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету мәселесі Қарасай (4,0%), Талғар (4,1%), Жамбыл (13,9%), Іле (24,3%) аудандарында байқалады.

Айта кетейік, облыста 600 мың гектар пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлері анықталды, оның 20%-ы ғана мемлекеттік меншікке қайтарылған.

Тегтер: Алматы облысыАсылан ОразАШМбаяндамаөнім

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүк көлігі жеке тұрғын үйге соғылды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында полиция трассаларды дрондар арқылы бақылауды күшейтті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қазақстан XXV қысқы Олимпиадада нешінші орын алды?

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz