Аталған бағытта министрлікте арнайы жол картасы жасалған.
«Республикада 75 инсульт орталығы жұмыс істейді, оның ішінде, 41-і жедел коронарлық синдромы бар науқастарға көмек көрсету үшін тері арқылы коронарлық араласу орталығы болып табылады. Ал Алматы облысында 4 инсульт орталығы және 2 теріішілік коронарлық алмасу орталығы жұмыс істейді. 2023 жылы 2 инсульт орталығы, 2 теріішілік коронарлық алмасу орталығын ашу жоспарланған», — деді министр.
Ажар Ғинияттың мәліметінше, Қазақстанда медицинаның бірқатар бағыттары Халықаралық деңгейде бәсекеге түсуге қабілетті.
«Осылайша, біздің елімізде халыққа жоғары технологиялық медициналық көмектің 80 түрі бойынша қолжетімділік қамтамасыз етілді. Мәселен, өткен жылы 209 орган трансплантациясы жүзеге асырылды, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22 %-ға артық», — деді Ажар Ғиният.
Бұдан бөлек, министр облыста жаңа онкологиялық орталығын құру жоспарланғанын атап өтті.