«2025 жылғы 15 қаңтар сағат 07:30 шамасында “Алматы-Өскемен” автожолының 28 шақырым учаскесінде (“Алматы-Қонаев” бағытында) 18 автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Оқиға қалың тұман кезінде болды», — делінген хабарламада.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, оқиға жүргізушілердің шектеулі көріну жағдайында жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты сақтамауынан туындаған.
Оқиға тіркелген жол учаскесі ІА техникалық санатқа жатады және 6 жолақтан тұрады. Жол жабыны құрғақ, ақаусыз, бөгде заттар болмаған.
Апат нәтижесінде зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қосымша мәліметтер анықталу үстінде.