Алматы облысында тұрғындарды жылумен қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар жалғасуда. Биыл өңірде қосымша 52 блок-модульдік қазандық орнатылып, 110 көпқабатты үй орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылады, деп хабарлайды alataunews.kz.
Қазіргі уақытта облыстағы көпқабатты үйлердің 65 пайызы, яғни 1986 үйдің 1299-ы орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Алдағы жылдары бұл көрсеткішті 95 пайызға жеткізу, яғни тағы 1890 үйді жылумен қамтамасыз ету жоспарлануда. Өткен жылмен салыстырғанда, өсім 1277 үйді қамтыды. Бұл көрсеткіштің артуына Еңбекшіқазақ ауданында бес модульдік қазандықтың іске қосылуы оң әсер етті. Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, жаңадан 52 блок-модульдік қазандықтың құрылысы жоспарланған, оның ішінде:
- 25 қазандық – Еңбекшіқазақ ауданында,
- 19 қазандық – Талғар ауданында,
- 8 қазандық – Іле ауданында салынады.