Алматы облысында жемқорлық тәуекелдерінің сыртқы талдаудың енгізілген ұсынымдарын орындау үшін мамандандырылған ауданаралық соттың шешімдерімен жалпы ауданы 11 мың га болатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы 19 жер учаскесі мемлекеттік меншікке қайтарылды.
Талдау барысында өңірде 65 мың гектардан астам жерлерді беру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.
Жайылымдық жерлерді жосықсыз жеке меншікке беру кезінде аймақтың негізгі тұрғындарында мал жаю проблемасы туындады. Тұрғындар өз елдімекендерінің шегінде мал бағуға мәжбүр.
Қалған жерлерді қайтару мәселесі Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бақылауында.