Тергеу мәліметінше, олар Telegram мессенджері арқылы қылмыстық әрекеттерін жүзеге асырған.
ҚР Ішкі істер министрлігінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті мен облыстық прокуратураның үйлестіруімен алаяқтық схеманың үш ұйымдастырушысы мен алты дроппер анықталды.
«2024 жылдың желтоқсанынан бастап күдіктілер 15-тен астам дропперді басқарған. Олар өз атына немесе үшінші тұлғаларға банк карталарын рәсімдеп, сол шоттар арқылы 500-ден астам қаржылық операция жасаған. Жалпы шығын 100 миллион теңгеден асады. Әрбір транзакция үшін ұйымдастырушы 5% комиссия алып, 10 миллион теңгеден астам табыс тапқан», — деп мәлімдеді Киберқылмысқа қарсы күрес қызметі.
Қылмыстық топтың үш жетекшісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір олардың басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.