Спикердің айтуынша, облыста мал шаруашылығы жақсы дамығандықтан, баукеспе ұрылардың бөтеннің мүлкіне қол сұғуы белең алған. Мәселен, соңғы 3 жылда 900-ға жуық мал ұрлығы бойынша қылмыстық іс тіркелген. Ал, биыл 24 мал ұрлығы анықталып, иелеріне 7 млн теңге шығын келтірілген.
Баспасөз-мәслихаты барысында Мергалым Смагулов жобаның нақтылаған уақыты 1 ақпанан бастап жыл сонына дейін жүзеге асатынын тілге тиек етті.
Қазіргі таңда спикердің айтуынша шаруа қожалықтарының иелерімен және бақташылармен төрт түлік малды қараусыз қалдырмау, чиптеу, мал базарға немесе бір орыннан екінші орынға тасымалдау кезінде рұқсат қағаздармен тасымалдау бойынша кең ауқымда түсіндіру шаралары жүргізілуде.
Спикер, облыс бойынша қазіргі таңда азаматтар арасында төрт түлікті заңсыз сою мен ет өнімін сату фактілері тіркелмегенін, мал ұрлаудың саны азайып келе жатқанын мәлімдеді.
«Мал ұрлығымен күресу барысында жалғыз құқық қорғау органдарының жұмысы жеткіліксіз. Тұрғындар өзіне тиесілі мал-жанға бас-көз болуы керек, онсыз құқық қорғау органдарының қылмыскерлермен күресі нәтиже бермейді. Облыс тұрғындары да мүліктеріне жауапкершілікпен қараса, біз қолға алған жоба өз жемісін береді деген сенімдеміз»,- деді Алматы облысы прокурорының көмекшісі Мергалым Смагулов.