Аталған жағдайға байланысты Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Бақтияр Айталы Alataunews.kz тілшісіне мәлімет берді.
«Кеше күннің күрт жылып, қар еруіне байланысты «Екатеринбург – Алматы» автожолының (182 км, 186 км, 190 км) жол астынан өтетін құбырлары бекітіліп қалғандықтан еріген қар суы жинала бастаған. Ол жерге бірден 2 бригада және 6 техника жіберілді», — деді Бақтияр Айталы.
Баспасөз хатшысының айтуынша, құбырларды тазартып, жол қозғалысын реттеу жұмыстары 5-нен 6 ақпанға қараған сағат 01:00 шамасында толық аяқталды. Қазір жағдай тұрақты, көлік қозғалысына кедергі жоқ. Мамандар күндіз-түні кезекшілікке тұрып, жағдайды бақылауға алды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram