Жүргізу құқығын қалпына келтіру үшін қызметалушы мамандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет. Өзіңізбен бірге жеке басын куәландыратын құжат және мемлекеттік баждың төленгені туралы чек болуы қажет. Егер жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кетсе, медициналық анықтама қажет болады.
Сондай-ақ, жүргізуші куәлігін қайта шығару кезінде теориялық және практикалық емтихандарды қайта тапсыру талап етілмейді.
Айта кетейік, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі құжаттарды тапсырған сәттен бастап 2 сағаттан аспайды.
2024 жылдың 5 айында Алматы облысында 10.746 жүргізуші куәлігі берілген.